Облыстық балалар ауруханасының  қызметі туралы мәлімет

 

Ана мен бала денсаулығын қорғау ұлтық медицина жүйесінің алдында   тұрған  ең  маңыздыда,  күрделі  міндеттердің бірі.   Ел басы  Н.Ә Назарбаев ана мен бала денсаулығын қорғау еліміздің болашағы мен дамуының  басым бағыты екендігін анықтап берді.

 

Стратегиялық құжаттар мен Ел басының   халыққа жолдаған жолдауында бүгінгі қол жеткізген жетістіктеріміз мемлекетіміздің медицина саласына деген айырықша қолдауының нәтижесі деп айтуға толықтай негіз бар. Біздің қызметіміз үнемі қозғалыс пен үнемі біліміміз бен тәжірбиемізді жетілдіріп отыруды талап етеді.

 

Оңтүстік Қазақстан Облыстық клиникалық балалар ауруханасы облыстық деңгейдегі балалар ауруханасының ішінде көппрофильді республика бойынша ірі аурухана. Педиатрия және балалар хирургиясы бойынша 20 бағытта жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. 2011 жылы Облыстық балалар ауруханасы жаңа ғимаратқа  көшіп, жоба бойынша аурухана төсек орын қоры соңғы 5 жылда 360 – тан 427 – ге өсті.

 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  30.09.2014ж. «2014 жылы медициналық ұйымдарды аккредиттеуді өткізу туралы» № 105 бұйрығымен  2014 жылғы қазан айының 27 – 29 жұлдызы аралығында облыстық балалар ауруханасы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалау өтіп, төрт жылға сенім сертификаты берілді.

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық балалар ауруханасы бұл жалғыз көпсанатты аурухана, облыстың балаларына жоғары мамандандырылған және мамандандырылған жедел және жоспарлы хирургиялық, педиатриялық және реанимациялық көмек көрсетеді.  Ауысымына жоспарлы түрде 300 пациентті қабылдауға мүмкіншілігі бар  консультативті- диагностикалық емхана  халыққа өз қызметін көрсетуде.

 

Дамыған 30 мемлекет қатарынан өзіндік орын алуға талпынған мемлекетіміздің басты саясатын жүйелі ісімен қуаттауға белсене кіріскен Облыстық балалар ауруханасының мамандары білімі жағынан да, көз жауын алар заманауи ғимараты мен талапқа сай сапалы қызметімен дамыған шет елдік әріптестерімен терезе теңестіріп, иық қағысытра алар жағдайға жетті.

 

Жаңа туылған нәрестелерге туа біткен ақауларды ота жасау мақсатында неонаталдық хирургия, нейрохирургия, офтальмология, анестезиология, реанимация сияқты жаңа басым бағыттары белгіленді. Облыстық балалар ауруханасының неонаталдық хирургтары мен анестезиолог – реаниматологтары Ресейдің (Москва, Санкт-Петербург), Израиль, Литва, Беларусь, Украина мемлекеттерінің жетекші клиникаларында біліктілігін жоғарлатуда.

 

Осы жылы туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұйымдастыру «Жол картасына» сәйкес аурухана Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарына медициналық көмек көрсететін неонаталдық хирургиясы өңірлік орталығы деген статусқа ие болды.

 

Облыстық балалар ауруханасы медицина жұмысшыларына үздіксіз кәсіптік білім беру орталығы (халықаралық технологиялар тренинг - орталығы) болып табылады. Орталық казіргі заманға сай көпфункцияланған, стимуляциялық жабдықтармен және манекен - имитаторлармен жабдықталған, барлық патологиялық педиатрия мен неонатология қазіргі заманға қажетті жұмыс дағдыларына мүмкіндік береді, көптеген қазіргі жағдайға жақындығымен және жедел терапия, жедел жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

 

Аурухана Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы мен Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Универстетінің медицина факультетінің және Шымкент қаласының медициналық колледжінің клиникалық орталығы   болып табылады.

 

Облыс аймағындағы алыс елді мекендерге облыстық деңгейде сапалы және қол жетімді жоғарғы мамандандырылған медициналық көмектің жоғары санатты мамандардан кеңес алу, аурудың алдын алу, емдеу және сапалы зерттеу үшін Телемедицина орталығы жұмыс атқаруда, Қазақстан Республикасының жетекші Ұлттық Ғылыми орталықтарымен және де Литвамен, Каунас денсаулық және ғылыми университетімен телемедициналық консультациялар мен бейнеконференциялық байланыс жүргізуде.

 

Аурухана құрамында 2010 жылдан бастап есту ақаулары бар науқастарға консультативті - диагностикалық мамандандырылған көмек көрсететін сурдологиялық орталық ашылды, жыл сайын 2000-ға жуыққ есту жүйесімен әр түрлі ақауы бар науқастар орталықта толық текксерулерден өтеді.

 

Оңтүстік Қазақстан облысында балалар онкогематологиялық қызметін жетілдіру жөніндегі «Жол картасы» бағдарламасы жобасында облыстық балалар ауруханасынан 20 төсек-орынға балалар онкогематологиясы бөлімшесін және консультативті емханада онколог және гематолог  мамандарымен науқастарға жоғары  мамандандырылған  көмек  көрсетілуде.

 

2014 жылы ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен  педиатриялық көмек облыстық балалар ауруханасында орталықтандырылып, 20 төсек орын балалар эндокринологиясы, 12 төсек орын балалар кардиохирургиясы, 30 төсек орын балалар офтальмологиясы бөлімшелері ашылды.

 

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының 08.05.2015ж. «Облыстық балалар ауруханасының төсек – орын қорын қайта бейіндеу туралы» №338-ө бұйрығымен  2015 жылдың 15 мамырдан бастап төсек – орын қорын қайта бейінделіп, кардиохирургиялық бөлімшесі, оның ішінде 5 төсек – орын қан тамырлары бейіні бойынша – 17 төсек-орын болды. Аурухананың ғимараты үлгілік, операция залдары,  реанимация және интенсивті терапия бөлімшелері ашық жүрекке операция жасау  және операциядан кейінгі күтім жасау стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.

 

850 миллион теңгеден астам қаражатқа әлемдік өндірушілердің заманауи медициналық құрал - жабдықтары, оның ішінде сапасы жетілдірілген техникалық сипаттамаларымен және бағдарламалық қамтамасыз етумен соңғы лектегі компьютерлік томограф, ангиограф, нақты диагностиканы қамтамасыз ететін және ауыр жүрек ақаулары бар балаларды реконструкциялау және күрделі операциялардан кейін күтуге мүмкіндік беретін жасанды қанайналым аппараты, сараптық сыныпты ультрадыбыстық аппарат, өкпеге жасанды вентиляция жасау аппараттары, наркоздық-тыныстық аппарат сатып алынды.

 

Жетекші балалар кардиохирургтары, кардиореаниматологтар, перфузиологтар және басқа мамандар облыстық кардиологиялық орталығынан ауыстырылды. Бөлімшені ауыстыру балалар кардиохирургиясын одан әрі дамыту, операция жолымен емдеу бойынша заманауи технологияларды ендіру, операциядан кейін күтім жасау, оңалту мақсатында, бір жасқа дейінгі, салмағы 10 кг жетпеген балаларға, жаңа туған балаларға кардиохирургиялық көмек көрсету қажеттілігіне байланысты іске асырылды.

 

Денсаулық сақтау басқармасы басшылығымен ерте жастағы балаларда жүректің туа біткен ақауларын емдеу және ота жасаудың қажеттілігі туралы мастер – класс, брифинг өткізуін жоспраланып, Польша елді мекені, Катовице қаласының, Рудзе Шлашкен Стосованиша Жоғары Ғылыми Мектептің медицина ғылымының докторы Марек Витастің (Marek Wites), Татарстан Республикасы, Казань қаласының республикалық клиникалық балалар ауруханасының, УКРАИНА, КИЕВ қаласы, Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми – практикалық кардиология және кардиохирургия балалар орталығының директоры, м.ғ.д. профессор Емец  Илья Николаевич, Израиль елді мекені Шнайдер Клиникасының балалар кардиохирургы Джродж Френкель және ҚР ДСМ бас балалар кардиохирургы, Ұлттық Ғылыми Кардиохирургия Орталығының балалар кардиохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Горбунов Дмитрий Валерьевич және кардиохирургиялық бригадасын құрамында жоғары білікті мамандар қатысуымен облыстық балалар ауруханасының базасында мастер-класстар, брифингтер өткізілді. 



Лизингтік жоспар бойынша Жапонияда жасалған Neurofax EEG 1200 K ЭЭГ аппаратын алдырды. Сонымен қатар ауруханада аутсорсинг енгізіліп, ал жұмысты компьютерлік байланыстармен және ақпараттық серверлермен қамтамасыз етуде, ақпараттарды программалық жіберу және де медициналық инструменттерді стерилизациялау қызметтері келісімге сәйкес облысқа сәйкес келетін арнайы мамандандырылған стерилизация орталықтары мен программисттер арқылы бақылануда. 



Аурухананың басты корпусына кіре берісте қызметкерлерге арналған «POS – 1300» бақылау терминалы орналасқан.
Облыстық балалар ауруханасы облыс аумағындағы үздік медициналық кәсіпорны атанды, ал  аурухананың бас дәрігері Ә.Ә.Маймақов «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» атты белгісімн марапатталды. 

 

Елбасының биылғы жылы халыққа Жолдауында белгілеген бес бағыттың бірі – Жаңа әлеуметтік саясат. Бұл саясаттың негізгі принциптері, Елбасы айтқандай, атаулы көмек және әлеуметтік әділеттік болмақ.

 

Жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру мақсатында биылғы жылы 100 нақты қадам – Ұлт жоспары аясында әлеуметтік-еңбек пен денсаулық сақтау саласына қатысты қажетті заңдар даярланып, қабылданды. Олармен таныстыру үшін өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастауымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің министрі Дүйсенова Тамара Қасымқызы және вице – министрі Цой Алексей Владимирович облыстық балалар ауруханасына келіп кетті.

 

Ұлтымыздың жарқын болашағы үшін талмай қызмет жасаған аурухана жұмысы бүгінде қалың бұқара назарында.